• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Праймериздің мақсаттары мен оны өткізудің кезеңдері

09.09.2020
0

Бүгінде «Праймериз» термині бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамда жиі айтылуда. Оған себеп – елімізде партияішілік іріктеу басталды.
Сонымен, Праймериз – партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі арқылы партия атынан басты аламанға түсетін көшбасшыларды анықтау болып табылады.
Праймериз АҚШ-тың, Еуропаның бірқатар елдерінің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген ең тиімді тәсіл болып табылады. Бұл тәсілді елімізде жүзеге асыру — саяси реформаның тағы бір жарқын қадамы ретінде, білікті депутат таңдаудың таптырмас әдісі десек те болады.
Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда жергілікті жердегі проблемаларды жақсы білетін, қоғам танитын көшбасшыларды бәсекелестік негізде іріктеу. Бұл, бір жағынан партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан партиямен ниеттес, өзекті мәселелерді сөйлейтін үзеңгілес азаматтарды партия қатарына тартудың бірден-бір құралы.
Демек, Партия алда келе жатқан Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлауға түскісі келетін азаматтарды осы праймериз арқылы іріктейтін болады.
Сондай-ақ, праймериз ашықтық пен жариялылық қағидаларына негізделген. Бұл дегеніміз, сайлау науқаны басталғанда әр үміткер ел арасына шығып, экономиканы өркендетуге, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың таңдау жасауына жол ашады. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсыныстары ел алдында ашық, жариялы пікірталаста анықталатын болады. Суырылып шыққан мықтылар, елге сөзі өтетін беделділер партия атынан үміткерлер тізіміне ілініп, одан әрі үлкен сайлауға түседі.
Мұндай іріктеу мемлекетіміздің жоғары заң шығарушы органы – Парламентті, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға толық мүмкіндік туғызбақ.
Қорыта айтқанда, Праймериз азаматтық қоғамның қалыптасуына, саяси ұйымдар мен халықтың жақындай түсіне ықпал етеді. Партиялардың қарқынды жұмысы елдің дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жүйелі өзгеріс енгізбек.
Ең бастысы, әділ, ашық талқылаулар арқылы жергілікті азаматтардың ой-пікірін, күш-жігерін, ұсыныстарын ескере отырып, қордаланған мәселелердің түйіні шешілетін болады.

Қазіргі таңда, елімізде праймеризді өткізудің кезеңдері де белгіленіп, сәйкесінше тиісті жұмыстар басталып кетті.
Нақтырақ айтқанда, Праймеризді өткізу кезеңі 4 сатыдан тұрады:
1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) үгіт жұмысы;
3) дауыс беру;
4) тізімдерді дайындау;
Кандидаттардың праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сайлау құқығы бар, Праймериз ережесіндегі талаптарға сай келетін азамат кандидат ретінде тіркеле алады.
Кандидаттарды ұсыну және тіркеу аяқталғаннан соң кандидаттардың үгіт жұмыстары, оның ішінде жария пікірсайыстар өткізіледі.
Бұл кезеңде кандидаттардың тұрғындармен кері байланыс орнату арқылы жұртшылықтың пікірін ескере отырып, өз бастамалары мен бағдарламаларын талқылау мүмкіндігі көзделген. Пікірталас – үміткерлер үшін өз бағдарламасының негізгі ережелерін таныстыруға жасалып отырған үлкен мүмкіндік.
Үгіт жұмыстарынан соң, дауыс беру кезеңі өтеді. Яғни, жергілікті тұрғындар кандидаттарға дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасайды.
Ал, праймериз нәтижесінде қай кандидат көп дауыс алады, сол аудандық, қалалық, облыстық мәслихат пен Мәжіліске депутаттыққа сайлану үшін Партияның тізіміне енгізіледі. Әрине, бұл іріктеудің сыртында, үміткерлер әңгімелесу, тест тапсыру, бюрода қарау сынды талаптардан да өтуі тиіс.
Олай болса, еліміздің ертеңгі жетістігі – бүгінгі лайықты таңдаудың жемісі екендігін әрбір азамат жадында ұстағаны абзал.

Праймериздің мақсаттары мен оны өткізудің кезеңдері
Праймериз – қазақ тілінде «іріктеу» деген ұғымды білдіреді. Яғни, партияның жақтастары арасында алдын-ала партияішілік сайлау өткізу арқылы, мықтыларын іріктеп алу десек те болады.
Праймериздің негізгі мақсаты — Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты қалыптастыру, партиялық желі бойынша бәсекелестік күрес негізінде көшбасшыларды анықтау болып табылады.
Халықаралық тәжірбиеде, яғни АҚШ-та, Еуропада мойындалған партияішілік іріктеу тәсілінің (праймериздің) елімізде қолданысқа енгізілуі оның қоғамдық-саяси дамуына тың серпіліс алып келетіні анық.
Сондай-ақ, Праймериз тәсілі еліміздің тағдырына алаңдайтын, нағыз отаншыл азаматтарға жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастырып, ел сенетін тұлғаларды іріктеп алмақ.
Бүгінде іріктеуді өткізудің кезеңдері айқындалған. Атап айтқанда, Праймеризді өткізу 4 кезеңнен тұрады:
1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;
2) үгіт жұмысы;
3) дауыс беру;
4) тізімдерді дайындау.
Ашықтық пен жариялылық қағидаларына негізделген сайлау науқаны басталғанда әр үміткер ел арасына өздерінің бағдарламаларын таныстырып, халықтың сеніміне ие болып, көп дауыс жинаған үміткерлер тізімге енеді.
Партия тізіміне ілінген тұлғалар, одан әрі үлкен сайлауға түсу арқылы аудандық, облыстық мәслихат пен Мәжіліске депутат атану құқығын иеленеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.