• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 10 негізгі бағытты қамтиды

09.09.2020
0

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі. Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 басты бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады. Бірінші бағыт. «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі» Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр. Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғасады. Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Екінші. «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму» Бұл бағыттың негізгі басымдығы өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесін ұлғайту. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады. Еліміздің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жұмыстары жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жұмыстары жалғастырылады. Ақша-несие саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқаратын болады. Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Үшінші. «Теңгерімді аумақтық даму» Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылатын болады. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескере отырып, өсу нүктелері қалыптастырылады. Шекара маңындағы аумақтарда отандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі. Барлығы 2 шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Төртінші. «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық» Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емделу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, әлеуметтік жағынан осал халықты жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданады. Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады. Барлығы 10 іс-шара жүзеге асырылады. Бесінші. «Қолжетімді әрі сапалы білім» Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді.  Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады.  Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланатын болады. Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Барлығы 16 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Алтыншы. «Денсаулық сақтау саласын дамыту» Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.  Ауылдық жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарлануда. Медициналық препараттардың отандық өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Жетінші. «Экология және биоалуантүрлілікті қорғау» Минералдық-шикізат базасын, су шаруашылығын, балық кәсіпшілігін және ұлттық парктерді дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылданады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жалғасады. «Жасыл өсім» және ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау бойынша шаралар қабылданады. Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Сегізінші. «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында»  Үш буынды қылмыстық модель құрылып, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.  Жергілікті полиция қызметін одан әрі жетілдіру жалғасады. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығы мен есептілігі артады. Барлығы 30 іс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Тоғызыншы. «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады. Барлығы 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Оныншы. «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы» Азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі. Барлығы 7 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі сапалы іске асыру үшін Премьер-Министр орынбасарларының жетекшілігімен 11 жұмыс тобын құра отырып, жобалық тәсілді қолдану ұсынылады. Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде уақытылы орындауды қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті ресурстар мен тетіктер бар», — деп түйіндеді Р. Дәленов.

primeminister.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.