2021 жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, — деп хабарлайды CNA сайты.
«Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады», — деді Джон Коутс.
Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, «жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру» болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді.
«Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады», — деді вице-президент.