Әлеуметтік желіде Мұрат Әйтеновке қатысты түрлі ақпараттар есіп жүр. Бірі Шымкент қаласы әкімінің жұмысына қолдау білдірсе, бірі сын пікір айтуда. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен. Мәселен, Шымкент қаласында мектеп емханаға айналар сәтте тұрғындар шу көтерген еді. Сол кезде Әйтеновтың жанынан ешкім табылмағаны өкінішті. Тіпті мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев та арыз-шағымның бірінде шағымданушыларға бір өзі басу айтып жатқанын көзіміз шалды. Дәл қазіргі таңда қала әкімнің орынбасарлары мен бірқатар әкімдік қызметкерлері сырқаттанып, ем алып жатыр. Дертіне шипа болсын! Бірақ, өзгелер төбе көрсетпей қалды ғой…. Осындай қиын-қыстау кезде елге елеулі азаматтардың сөзі мен ісі керек-ақ. Әлеуметтік желіде түрлі мақалалар жазып, елді бірлікке шақырып жүрген басшылар қайда? Мәселен, соңғы кездері «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов көрінбей қалды. Және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұқарбаев секілді бірнеше халықтың қалаулылары да жоқ.
