• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мектеп мұғалімдері қағазбастылықтан арылып, артық жұмыстарға тартылмайды

29.05.2020
0

Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«2019 жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, департамент тарапынан барлық білім беру ұйымдарында заң қағидаттарын сақталуын бақылаймыз. Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері оқу жылында 4 құжат дайындайтын болса, қазір күнделікті екі құжатты ғана жүргізеді. Егер мұғалім тәлімгер болса, оқу жылы басында жас маманмен жұмыс жоспарын дайындайды. Бұйрық бойынша сынып журналы орта білім беру ұйымының сынып журналы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек электрондық форматта толтырылады. Кейбір білім беру ұйымдарында электрондық журналмен қоса қағаз түрінде де жүргізіледі. Аталған бұйрық ұстаздарды артық қағазбастылықтан босатып, тікелей қызметтік міндеттерімен айналысуға мүмкіндік береді, яғни білім сапасын көтеруді, балалармен жеке жұмыс жүргізуді жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді департамент басшысы.


Мұғалімдерден тізімге енгізілмеген құжаттарды сұрату — ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзуға әкеліп соғады. Талап етуші адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексімен жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогтерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартқан үшін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеті жүктелген үшін жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Мұғалімдердің кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, қызметтік міндетінде қамтылмайтын мәселелері бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, аймақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті дәлелдеме негіздері болған жағдайда әкімшілік іс қозғайды. Қажет болған жағдайда құқықбұзушылыққа қатысты тексеру жүргізеді. Осындай дерек орын алған бірнеше мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланған.
Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларына сәуір, мамыр айларында Facebook желісі бойынша 6 өтініш, Telegram каналының «Фаворит-калькулятор» чатынан 6 өтініш, Instagram желісінің «edu_news_kz» аккуантына 3 өтініш, WhatsApp бойынша 2 өтініш түсіп, заңға сәйкес жазбаша түсіндірме берілді. Құқығы бұзылған ұстаз кез келген уақытта 8701 101 6871, 8707 806 48 07 нөмірлеріне хабарласуларына болады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңда ұстаздардың еңбек демалысын 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген. Сондай-ақ, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға 53 864 грант бөлінген. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына 12915, бейінді магистратураға 710 және PhD докторларын даярлауға жалпы 2 355 грант бөлінген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.