• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ордабасы: Сапасыз құрылыс — сенімді сейілтеді

25.05.2020
0

Ордабасы ауданында жүргізіліп жатқан құрылыстың кейбірі жүрісінен жаңыла бастағандай. Мәселен, орталығы Темірлан ауылында тәп-тәуір саябақ салынып жатыр. Жергілікті бюджеттен 319 миллион теңге бөлінген. Марқұм Әліпбек Өсербаев сегіз ай басқарып кеткен тұста Ордабасыдағы бірқатар саланың қызметкерлерін ұйқыдан селт еткізіп оятқан болатын. Бұрын-соңды болмаған жобаларды қолға алды. Енді, сол істер аяқсыз қалып қоймай ма? Жаңа тағайындалған әкімге әзірге айтар өкпе жоқ. Бірақ, тірлікті әу бастан қадағалап келе жатқан аудан әкімінің орынбасарлары не айтар екен?

Ордабасы ауданын басқарған Әліпбек Өсербаевтың мезгілсіз дүниеден өткеніне 40 күн асты. Іскер, халқы құрмет көрсеткен сол азаматтың тұсында Темірланның орталығындағы саябақ қолға алынып, құрылысы қызу жүрді. Бірақ, күн сәулесіндей жарқырап жатқан сол жобаға көлеңке түсе бастағандай. Бөлінген қаражатты, тірлікті бес саусағындай білетін азамат бұл дүниеден кетті деді ме? Әйтеуір соңғы кездері құрылыстан ақау байқалып жатыр. Мұны, тіпті саябақтағы мамандар да растады.

Саябақ екіге бөлінген. Бір тұсы ардагерлер, екінші жағы дендросаябақ. 7,5 шаршы метрді алып жатқан аумақта 70-80 жылдары егілген ағаштар бар. Дәл ортасынан «орыс арық» деп аталып кеткен арнадан су ағуда. Сол арықтың жағасы жөнделіп, жарық шамдар қойылған. Бірақ, ол шамдарды түнде жарқыратуға мүмкіндік жоқ. Өйткені, жарық жанған сәтте тоқ ұруы мүмкін. Сонда миллиондарға қойылған жарықтар не мақсатта тұр? Тендірді жеңіп алған құрылыс компаниясы жергілікті халықты «алдадым Құдай, алдадым» деді ма? Әлде құрылысқа жауапты мамандар бармақ басты, көз қысты ма?

Саябақтың сәні осылай кетіп жатыр. Елтай Сыздықов есімді азамат шырылдап, жан айқайын жеткізді. Құрылыс саласына жетекшілік ететін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев осы жерде осалдық танытпай, керісінше Әліпбек Өсербаевтың аманаты деп жауапкершіліктің жүгін сезінуі тиіс-ақ. Ең бастысы өзі жоқтың, көзі жоқ болмаса екен.

Қазақта «айла білген кісілер, көзіңді байлап алдайды» деген мақал-мәтел бар. Сол қанатты сөздің астарын саябақтың жәйін байқап, журналистік зерттеу жүргізгенде ұққандай болдық. Әзірге, бұл құрылыс толық аяқталып біткен жоқ. Бірақ, Ордабасының орталығындағы Темірлан ауылында салынып жатқан саябақ құрылысы бақылауды, назарда ұстауды талап етіп тұр. Сондықтан, құрылыстың сапасы уақыт еншісінде деп, аудан әкімнің орынбасары Азат Оралбаев жоғарыда айтылған сынды сезінеді деген ойдамыз. Дегенмен де, әліптің артын бағайық…

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.