• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Сапарбаев Тараз, Байзақ, Талас әкімдеріне сөгіс жариялады

23.05.2020
0

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Байзақ және Талас аудандарының әкімдеріне карантин режимін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жариялады.

Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 ауруыныңу өсуі байқалуда.

— Өкінішке қарай, облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуы жалғасуда. Соңғы 10 күннің ішінде 30 жаңа жағдай анықталды. Бұл жергілікті алдын-алу жұмыстарының әлсіздігін және карантиндік шаралардың тиісті деңгейде сақталмай отырғандығын көрсетеді. Экономикалық қажеттілікке байланысты шағын және орта бизнестің кейбір салаларының қызметіне шектеулер алынып тасталды. Дегенмен бұл қауіпсіздік шараларын елемеуге болады дегенді білдірмейді. Карантиндік режимнің талаптары сақталуы керек және оған барлығы міндетті. Алайда, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көптеген тұрғын қорғаныш медициналық маскаларын пайдаланбауда, ал сауда орындары мен басқа да нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптар орындалмай отыр. Айталық, Талас және Байзақ аудандарында бір жерде адамдардың көп жиналуына қатыс жағдайдың салдарынан аурушаңдықтың өсуі орын алған, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің айтуынша,  ағымдағы жылдың 24 наурызынан 21 мамырына дейін аймақта коронавирустық инфекцияның 229 жағдайы тіркелген. Оның басым бөлігі Тараз қаласы мен Қордай және Байзақ аудандарында орын алған. Бұған дейін аурудың өңірімізге сырттан әкелу жағдайлары көбірек байқалса, соңғы кездері жергілікті тұрғындар арасында жұқтыру дерегі өсіп отыр. Мұндай оқиғалардың жоғары үлес салмағы облыс орталығында және Байзақ ауданында анықталған. 21 мамыр күнгі жағдайға сәйкес, облыс бойынша аурушаңдықтың өсу деңгейі тәулігіне 5,4 пайызды, ал соңғы 7 күнде – 17,4 пайызды құраған. Департамент басшысы аурудың көбеюінің негізгі себептері ретінде кәсіпкерлік пен сауда нысандарына адамдардың жиналуы, маскалық режимнің бұзылуы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, адамдардың өздері мен өзгелердің денсаулығына немқұрайлылық танытуларын атап өтті.

Мәселен, соңғы күндері Талас ауданында коронавирустық инфекцияның алты оқиғасы тіркелді десек, алғашқы науқас (нөлінші жағдай) орталық аудандық ауруханаға жатқызу кезінде белгілі болған. Зертханалық зерттеу  барысында ол науқаспен байланыста болған төрт адамның КВИ жұқтырғандығы анықталған. Аудандағы келесі инфекция Қаратау тұрғынынан табылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, облыстың 36 елді мекенінде коронавирустық инфекция анықталды. Соңғы аптадағы аурудың көбею деңгейі Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында байқалған. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 70 науқас ем алуда. 1504 адам дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне алынған. Емделіп шыққандардың саны – 155, қайтыс болғандар – 1.

— Ахуал – алаңдатарлық күйде. Мұндай жағдайда карантин режимін тікелей бұзушыларға да, жаңа инфекция ошақтарының пайда болуына жол берген лауазымды тұлғаларға да қатаң шаралар қолдану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз өкілеттіктерін барынша батыл пайдаланғаны дұрыс, — деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомство басшыларын халық арасында түсіндіру шараларын күшейтуге, кейінгі кездері жұмыстарын әлсіретіп алған мобильді топтардың қызметін қайта жандандыруға шақырды.

— Карантин режимінің барлық талаптары мен аймақтың жедел штабы жүктеген міндеттердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Негізгі міндет – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа инфекция ошақтарының алдын алу, — деді Б.Сапарбаев.

Басқосуда тұрғындар тарапынан толассыз түскен өтініштерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін 25 мамырдан  қайта бастау туралы шешім қабылданды. Ал, қоғамдық көлік қозғалысын қалпына келтіру мәселесі дүйсенбі күні өтетін кезекті штаб отырысында талқыланбақ.Сондай-ақ, өз жұмысында жіберіп алған кемшіліктері үшін Тараз қаласының, Талас және Байзақ аудандарының әкімдеріне сөгіс жарияланғандығы, сондай-ақ, осы бағытқа жетекшілік ететін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Қордай, Байзақ және Талас аудандары әкімдерінің орынбасарларының жеке жауапкершілігі қаралады.

Ол ғана емес, штаб отырысында азаматтардың жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселе де жан-жақты сараланды. Кейбір әкімдерге аталған маңызды бағыттағы өз жұмыстарының сылбырлығы  үшін сын-ескертпелер естуіне тура келді. Мемлекет тарапынан қаражат қарастырылғанымен, жергілікті жерлерде әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу қарқыны көңіл көңшітпейді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтің айтуынша, Т.Рысқұлов ауданында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету төлемі бар-жоғы 38 пайызға орындалған. Тараз қаласы және облыстың барлық аудандарында мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат толық игерілмеген.

Бердібек Сапарбаев жергілікті атқарушы органдардың басшыларын әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғындарды жұмыспен қамту жайына баса назар аударуға шақырды. Бұған жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобалары мейлінше оң ықпалын тигізбек. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу қажет. Айталық, жоспар бойынша 18 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтудың әр түрлі шараларына тартылуы тиіс болса, бүгінгі таңда жобалар бойынша небары 7 мың адам жұмыс істеуде.

BAQ.KZ
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.