Арыс, Бадам өзендерінің бастауын тау өзендерінен алатындықтан су арнасы деңгейінің көтерілуі ықтимал. Дәл қазіргі уақытты Арыс қаласының әкімдігі «Дабылды ескерту» шарасын жасады. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада:
«ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ!
Құрметті Арыс қаласы және ауылдық округтар тұрғындары! Таулы аймақтарда нөсерлі жаңбыр салдарынан өзен арналары 3 есеге көтерілуіне байланысты, тауға жақын аудандарда су басу жағдайлары орын алып жатыр. Арыс, Бадам өзендері бастауын тау өзендерінен алатындықтан өзен деңгейі көтерілу қаупі жоғары болып отыр. Судың қаупі – сақтықта сейіледі. Құрметті тұрғындар! Аталған шараларға байланысты, төрт-түлік малды өзен жағасынан қашықта ұстап, сақтық шараларын сақтауды сұранамыз.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі» — делінген. Сондықтан, «сақтықта қорлық жоқ», — деген. Тосыннан келетін қауіптен сақтанып отырайық!
Айғақ-Ақпарат