Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде түгелге дерлік су астында қалған елді мекендердің бірі Өргебас ауылы болатын. Мұнда 230-дан астам жекелеген тұрғын үйлер мен мектеп балабақша сынды әлеуметтік нысандар да су астында қалған еді. Осыған байланысты тұрғындары түгелдей оқшауланған ауылға Шымкент қаласынан көмекке келген әскерилер арнайы техникалармен кіріп, тұрғын үйлерде қалып қойған мүліктерді тасу жұмыстарын бастады. Сонымен бірге күні кеше көршілес Өзбекстан Республикасынан көмекке 42 арнайы техникалар келіп жеткен болса, бүгінде аймақта төтенше жағдай салдарынан кейінгі қалпына келтіру шаралары қарқын алған. Мәселен Өргебас ауылына жайылған суды арнайы су сорғыш насостар арқылы айдап шығару жұмыстарына жергілікті төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері мен Өзбекстан тарапының мамандары да ат салысуда. Осының нәтижесінде ауыл ішіндегі тұрғын үйлерде қалған мүліктерді алып шығуға мүмкіндік туып отыр.
ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

























