Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 сәуірдің 09:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады
⠀
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 45 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 4, Алматы қ. – 9, Шымкент қ. – 11, Түркістан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 2, Атырау облысы – 4, Жамбыл облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 6, Павлодар облысы – 2, Қарағанды облысы – 2.
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 11 жағдай туралы ақпаратты Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратты.
Ауру жұқтырған азаматтар Шымкент қаласының тұрғындары . Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
18.042020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.
⠀
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 350 адам, Алматы қаласында – 504 адам, Қарағанды облысында — 89 адам, Ақмола облысында — 81 адам, Атырау облысында — 76 адам, Жамбыл облысында — 58 адам, Шымкент қаласында — 57 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 37 адам, Ақтөбе облысында — 25 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 29 адам, Павлодар облысында — 17 адам, Маңғыстау облысында — 12 адам, Қызылорда облысында — 143 адам, Батыс Қазақстан облысында — 39 адам, Түркістан облысында — 57 адам, Қостанай облысында — 9 адам, жалпы 1591 науқас тіркелді.