Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 сәуірдің 23:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
⠀
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында — 10, Алматы қаласында — 19, Шымкент қаласында — 2, Түркістан облысында — 4, Қызылорда облысында — 3, Атырау облысында — 1, Батыс Қазақстан облысында — 1.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 326 адам, Алматы қаласында – 417 адам, Қарағанды облысында — 84 адам, Ақмола облысында — 81 адам, Атырау облысында — 71 адам, Жамбыл облысында — 53 адам, Шымкент қаласында — 45 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 29 адам, Ақтөбе облысында — 14 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 29 адам, Павлодар облысында — 13 адам, Маңғыстау облысында — 12 адам, Қызылорда облысында — 134 адам, Батыс Қазақстан облысында — 26 адам, Түркістан облысында — 53 адам, Қостанай облысында — 7 адам, жалпы 1402 науқас тіркелді.