Түркістан қаласы, Т. Бокин көшесіндегі 16 пәтерлі екі қабатты үйдің шатыры кешкі сағат 18.10-да өртенгені жайлы хабар келді. 18.15-те қызметкерлер оқиға орнына жетіп, өрттің беті қайтарылды.
⠀
Рашид Абатұлы оқиға орнында жедел болып, ондағы үйлері өртенген тұрғындармен тілдесіп, әкімдік тарапынан толықтай жөнделетінін айтып, сабырға шақырды.
⠀

16 отбасының 5-і жалдамалы пәтерде тұратын болып шықты. Нәтижесінде, 56 адам жатын орын және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
⠀
Айта кетейік, аталған пәтерлер соңғы рет 2013-2014 жылдары жөндеуден өткен. Өрттің шығу себебі анықталуда.
БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...










