Қаратау ауданында COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Аталған шаралар қауіпті коронавирустың алдын алу мақсатында жүргізілуде.
Аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Абзал Әліқұловтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы, адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде, көпқабатты тұрғын үй аулалары мен балалар ойын алаңшаларында коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Айталық бұл күні «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер мен аулалары залалсыздандырылды.
Ал бұл жұмыстарға 35/748 әскери бөлімінің 200-ге тарта мамандары жұмылдырылса, жалпы Қаратау ауданы бойынша 416 көпқабатты тұрғын үйлер мен 218 алаң бар. Осылай деген әкімдік өкілдері залалсыздандыру шаралары тұрақты түрде жалғасын таба беретіндігін жеткізді.