• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкент қаласында шектеу шараларын енгізу туралы

31.03.2020
0

Шымкент қаласында 

шектеу шараларын

енгізу туралы 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы №285 Жарлығы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына және  Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2 коронавирус инфекциясы (COVID-19) тіркелуіне және Қазақстан Республикасының тұрғындарының арасында өршуіне байланысты, инфекцияны таралуына жол бермеу, індет ошағын оқшаулау және жою мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

 

  • Шымкент қаласында 2020 жылдың 31-ші наурыздың сағат 21:00 бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін келесі шектеу шаралары енгізілсін:
  • Шымкент қаласы және аудан әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармасына:

 

— қалаға кіретін/ қаладан шығатын барлық автомобиль жолдары жабылсын

— барлық автокөлік түрлеріне, азаматтардың  қала аумағына кіруге/шығуға тыйым салынсын, төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда:

1) қаланың қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған көліктердің (соның ішінде арнайы автокөліктер, арнайы техникалардың) және транзиттік жүк көліктерінің кіріп/шығуына;

2) тұрақты жұмыс жасайтын азаматтардың, жұмыс жасайтынын растайтын құжаттарды (жұмыс орнынан белгіленген үлгіде берілген анықтама немесе қызметтік куәлік) ұсынған жағдайда кіріп/шығуына;

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 001-3/е нысанға сәйкес стационарға жатқызуға жолдамасы бар азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргендердің Шымкент қаласына кіріп/шығуына;

4) санитарлық авиация тарапынан тасымалданатын азаматтардың (пациенттердің), оның ішінде балалар ата-аналарымен, Шымкент қаласында орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарына кіріп/шығуына;

5) Шымкент  қаласында уақытша болған тұлғалардың кеткісі келген жағдайда қаладан шығуына;

6) Шымкент қаласының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі  комиссиясымен жеке қаралған өзгеде жағдайлар бойынша.

1.2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына және Шымкент қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға, мекемелерге, Шымкент қаласының полиция департаментіне:

— Стационарларда, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған балаларды, қабілеті жоқ сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды полиция қызметкерінің қатысуымен блок-бекетке дейін жеткізілуін және әке-шешесіне/қамқоршысына, немесе заңды басқада өкіліне тапсыруын қамтамасыз ету; 

1.3. Шымкент қаласы және аудан әкімдеріне, Шымкент қаласында орналасқан барлық мекемелер мен кәсіпорындарға, жеке және заңды  тұлғаларға: 

— Шымкент қаласында бетперде кию режимі енгізілсін, сәйкесінше қала тұрғындары мен қонақтары бетперделерді барлық жерлерде киіп жүруге міндетті, әсіресе қоғамдық автокөлікте, халықтың көп жиналатын орындарда (сауда орындарында, базарларда, кәсіпорындарда, мекемелерде, ғимараттарда).        

1.4. Банк филиалдарының, коммуналдық және телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындардың, сауда және басқа ұйымдардың басшыларына:

— банк мекемелерінде және ғимараттарында, бөлімшелерінде, төлем жүргізу орындарында, халықты сәйкесінше қабылдау кассаларында міндетті түрде кезектерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде қабылданған дезинфекциялық жұмыс жүргізу және басқа да санитарлық талаптардың сақталуы, бетперде кию режимін сақтауды  ұйымдастырсын;

— ғимараттардың ішінде және ғимаратқа қарасты аумағында, оның ішінде банкомат, кассалар, сауда нүктелерінің алдында адамдардың шоғырлануына, ұйымдастырылмаған кезектерге тұруға жол бермеу.

1.5. Шымкент қаласының және аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:

—  Осы Қаулыға сәйкес енгізілген шектеу шаралары туралы ақпаратты қала тұрғындарына бұқаралық ақпараттық құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы шұғыл, кеңінен таратуды қамтамасыз етсін. 

  1. Осы Қаулының талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай режимі бұзылған кезде жауапты адамдарды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде көзделген барлық шаралар қабылдансын.
  2. Қаулыны меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау міндетті. 
  3. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
  4. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігері                                       А.Тулебаев

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.