Отырар ауданында COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде тексеру жұмыстары күшейтілді. Аталған шаралар өңірімізде коронавирустың алдын алу мақсатында жүргізілуде.
Аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Әбдіғали Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы, ауылдық округтердегі адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде, автобекеттер мен балабақшалардың ғимараттарында коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді, — деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Айталық Мыңшұқыр елдімекенінде де көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік орындар залалсыздандырылды.
Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері, дәріханаларды аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы комиссия қатаң бақылауға алған.