• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Төртінші тоқсан қашықтықтан оқытумен басталады

30.03.2020
0

Көктемгі демалыс мезгілі бітіп, 4-ші тоқсанның басталуына санаулы күндер қалды. Өздеріңіз білетіндей 4-ші тоқсан оқу процессі республика бойынша барлық оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізілетін болады. Бұндай шешім ҚР Үкіметі тарапынан қабылданды. Әрине, шешуі тиіс мәселенің де бар екені белгілі. Сол үшін барлық мүмкіндікті пайдалану мақсатында облыс әкімдерімен өткен үкімет отырысында да тапсырмалар мен ұсыныстар жасалды.
Осы бағытта Білім және ғылым министрлігімен бірігіп Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы дайындық жұмыстарын бастап біршама реттеді.
Қашықтан оқыту үлгісін әлемнің барлық елі қолданып отыр.
Басқарма басшысы Р.Қ.Жолаевтың тапсырмасымен білім берудің интернет платформаларын пайдалану бойынша бейнелі және көмекші нұсқаулықтар облыстық әдістемелік орталық мамандары арқылы жасалуда, — деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
-YouTube каналына Білім және ғылым министрлігі дайындаған 4-тоқсандағы барлық сабақтардың контенті жүктелуде.
-Kundelik.kz , Bilimland-SmartNation қашықтан оқыту бойынша да біршама жұмыстар атқарылып үлгерді.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан басқарма басшысының орынбасары А.Садықованың төрайымдылығымен арнайы Жобалық кеңсе құрылған болатын.
Облыстағы барлық аудандардан қажетті мәліметтер жинақталып, тиісті тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда Жобалық кеңсе оқушылар мен мұғалімдердің интернет желісіне қосылу бойынша анализдер жасалды.
Бүгінгі күнге үй жағдайындағы интернетке қосылу мүмкіндігі бар оқушылар саны 335 519 оқушы, ол 69,6% құрайды (жалпы оқушылар саны 482 098). 335 519 оқушының, ауылды жерлерде – 254 483, қалада – 81 036.
Осы оқушылардың үй жағдайында онлайн оқытуға қажетті электронды құрылғылары бар оқушылар саны 314 546 (ауылда – 244 551, қалада – 69 995).
— 58 628 оқытушы құрамы бар. Оның 51 074 мұғалімде интернет желісіне қосылуға мүмкіндіктері бар. Бұл 87,1% құрайды;
— интернет жүйесіне қосылмаған ұстаздар саны 7 554, 12,9% құрап отыр.
Мұғалім мен оқушыларды компьютер техникасымен, планшеттермен қамтылуы бойынша келген мәліметтерге сәйкес 314 546 оқушыда бар, бұл 65,2% құрайды (ауылды жерлерде – 244 551, қалада – 69 995).
Қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеген оқушылар саны 167 515 немесе 34,7% құрап отыр.
— 45 524 оқытушы керекті қосымша техникалары бар, бұл 77,6% көрсетеді. (Оның ішінде ауылды жерлерде 36 221, қала бойынша – 9 303).
— 13 104 оқытушыда компьютер техникасы, планшет т.б. құрылғылар жоқ. Бұл 22,4% құрап отыр (ауылды жерлерде – 12 070, қалада – 1 034).
Мәселенің шешу жолдары да ұсынылып, тиісті шаралар қолға алынып отыр. Тарқатып айтсақ:
Шешу жолдары:
-Облыс бойынша 36 700 дана компьютер бар. Мектептегі компьютерлерді қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен оқушыларға уақытша беруді қарастыру;
-Мұғалімдер мен оқушыларға карантин мерзімі кезінде үнемделген қаржыдан интернет трафигін төлеуді қамтамасыз ету;
-Жергілікті бюджет есебінен ноутбуктер және дербес компьютерлерді сатып алуды қарастыру;
-1 700 Bilimbook құрылғысы бар. Толықтай қажетті контенттер жүктелген. Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында интернеті жоқ елді мекендердегі оқушылар мен мұғалімдерге өз жауапкершілігі негізінде таратылатын болады.
Келесі маңызды мәселе облысымыздағы шалғай жерлердегі бала саны 80-нен төмен ықшамдалған мектептер мен бастауыш мектептер саны 86. Ондағы оқушы саны 3 064 және 650 оқытушы құрамы жұмыс жасайды.
6-сәуірден бастап аталған мекемелердегі оқушылар өз жұмысын қалыпты жағдайдағыдай жалғастыратын болады. Мұндағы бір мектептегі бала саны 5-тен 80-ге дейін. Тек ескеретін жәйт, қалыпты жағдайда аталған мектептердегі оқушылар 1 ауысымда оқитын болса, төтенше жағдайдағы сабақтары 2 ауысымға бөліп оқытылады. Және мұндағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланатын болады. Бірақ, залалсыздандыруға арналған барлық заттармен (дез.средства) қамтамасыз етілетін болады.
Ең бастысы мұғалімдердің айлық жалақылары көрсетілген тарифтік жоспар бойынша толықтай төленетін болады және бұл сұрақ қатаң бақылауда болатынын ескерген жөн.
Әрине мұғалімдер мен ата-аналардан алғаш өткізгелі отырған білім беру жүйесінде сұрақтар болуы қалыпты. Адами әлеуетті дамыту басқармасы да, Білім және ғылым министрлігі де кез келген сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын болады. Бұл жағдайдың пандемияның таралу қаупін болдырмау мақсатында, балаларымыздың денсаулығын ойлағаннан жасалып жатқан шаралар екенін ата-аналар да, ұстаздар да түсіністікпен қарағаны дұрыс.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.