Шымкент қаласында коронавирус инфекциясыныңтаралуынажолбермеумақсатында 2020 жылдың 28-ші наурызындатүнгісағат00:00-ден бастапқосымшашектеушараларыенгізілгені белгілі.Осы орайда, барлық мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық тамақтану орындарыныңқызметісағат 10:00-ден 18:00-ге дейіншектелді.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласындағы қоғамдықтамақтану орындарының кіреберістерінде клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс. Бұл қоғамдық орындардың қатарында кафе, мейрамхана, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары, көше бойындағы фаст-фуд, кафейня, балмұздақ, құйылмалы алькогольдік және алькогольсіз сусындар сату орталықтары және т.б. ғимараттар бар.
Егер, аталған нысандарда санитарлықнормалардыңталаптары орындалмаған жағдайдаҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛЫП, ҚЫЗМЕТІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ.
Шымкент қаласының әкімдігі