Шымкентте санитарлық талапты сақтамаған сауда орталықтары мен асхана, кафе, мейрамхана иелеріне айыппұл салынып жатыр. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты тиісті талапты сақтамағандарға қатаң шара қолданылады.
Қалада күнделікті рейдтік шаралар жүргізілуде. Талап бойынша кез келген мекеменің кіре берісінде қолды жууға арналған антисептик және дезинфекциялық кілемше, сондай-ақ дене қызуын өлшейтін құрылғы (тепловизор) болуы шарт. Жұмысшылар толықтай бетпердемен және қолғаппен қызмет көрсетуі тиіс. Қала әкімінің қаулысына сәйкес, тиісті шарттар орындалмаған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіштегі, яғни, 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қызметін уақытша тоқтату да мүмкін.