Коронавирустың Қазақстанға келуіне байланысты қоғамдық көліктерге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.Онда қала ішілік, қалааралық және аудан аралық көліктердің барлығына соңғы аялдамада тазалық жұмыстары атқарылады.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша 5 топ құрылып, көлік тазалығына басшылық жасауда.Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеген. Автовокзал директорлары мен жүргізушілердің өз қаржысынан іске асуда.

Сонымен қатар, түсірім тобымен бірге азық-түлік бағасын білдік. Бүгінгі таңда, қоймада 2-3 айға жетерлік азық-түлік сақталған.











