• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ КӨТЕРДІ

04.03.2020
0

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға дайындық өңір орталығы Түркістан қаласында қызу жүруде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген «Этноауыл» алаңын аралады. Бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға жақсы мүмкіндік береді. Көне ғасыр мекенінде саз балшықтан үйлер тұрғызылып, ағаштан құрастырылған қоршаулар мен көпір, өткелдер орнатылған.

Мәртебелі меймандар мен сырттан келген шетелдіктер мұнда көне ғасыр кейпіндегі үйлерді аралап, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін өз көздерімен тамашалай алады.

Наурыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көшпелі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құрылыс барысы тарихи нысанның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізіліп жатыр. Өткен мыңжылдықтан сыр шертетін Қазақ ауылы 14-наурызда ашылады.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы кесенеге барар жолда орналасқан Қашқари гүл бағын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын көрді. Саябақ санының артуы шаһардың экологиялық ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өңір басшысы бұрынғы әкімдік ғимаратында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Есімхан алаңында орналасқан ғимарат енді заманауи қонақ үйге айналады. Өңірде туризм саласын дамыту мақсатында жарты жылда қолжетімді де әлемдік стандарттарға сай жаңа қонақ үй кешені ашылады.

Сонымен қатар, облыс әкімі теміржол вокзалы алдындағы аллеяның күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда.

Сондай-ақ, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады. Алдағы уақытта теміржол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендірілмек.

Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті сынды жүйелерді қою көзделген. Күрделі жөндеуден өткен аллея Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған Еңбекші ауданына биыл 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Қала бойынша инфрақұрылым жағынан алдыңғы қатарда тұрған ауданда...

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Қаратау ауданының тұрғындары көбіне ирригация мәселесімен бетпе-бет келеді. Жаңбыр жауса, көшеге су толып, жұрт әбігерге түсетін жағдай аз емес. Көп...

ГЛОБУСЫ ГИННЕС КІТАБЫНДАҒЫ АЛТЫН ҰЯ

ГЛОБУСЫ ГИННЕС КІТАБЫНДАҒЫ АЛТЫН ҰЯ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте қабырғасынан бастап, дәлізі тарихтан сыр шертетін ерекше білім ұясы бар. №90 мектеп-гимназия. Алтын ұяға кірсеңіз көзіңізге үлкен тайқазан түседі....

ЭКСПО ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ОҚИТЫН МЕКТЕП

ЭКСПО ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ОҚИТЫН МЕКТЕП

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкенттегі №75 мектеп-гимназия робототехника бойынша Астанадағы EXSPO көрмесіне қатысып, жүлдемен оралған болатын. Қаланың ортасында орналасқан алтын ұяның оқушылары кейінгі жылдары...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.