Социалистік Еңбек Ері Әуезхан Салықбаев 91 жасқа қараған шағында өмірден озды. 1929 жылы Арыс қаласында дүниеге келген ел ағасы бар ғұмырын теміржол саласына арнаған.Ұзақ жылдар Арыс станциясын, Шымкент теміржол бөлімшесін басқарып, қала мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша мол үлес қосқан. Мұнан өзге мұсылманның 5 парызын орындаған ел ағасы жердегі Алланың үйін салып мұсылман бауырлардың маңдайын сәждеге тигізуге өз септігін тигізген. Өткен жылы Арыс қаласындағы алапат оқиға кезінде де тоғыз жолдың торабындағы халықты ауыз біршілікке ынтымаққа шақыра білген. Осылайша Ел үшін еңбек еткен ел ағасының қаза болуына байланысты Түркістан облысының басшысы Ө.Шөкеев отбасына көңіл айту жедел хатын жолдады. Бұл тұста, жаназаға келген қалың жұртшылық, ұлт жанды азаматты мәңгілік сапарға шығарып салды.
«Айғақ-ақпарат»