ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ
Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...






Атыраудың «Алтын адамы» 1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың «Алтын адамы» атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің заманымызға дейін III ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Аралтөбенің «Алтын адамы» 1999 жылы Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылған. Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған. Аралтөбенің «Алтын адамы» Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару — жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында біздің заманымызға дейін ІІІ ғасыр — біздің заманымыздың ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына тиесілі екені дәлелденген. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық музейінде тұр. Шілікті «Алтын адамы» Шіліктіден «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі «Алтын адамнан» 400 жылға үлкен. Тарихшы Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, көне қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым табылған. Шіліктідегі «Алтын адам» найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты артықшылығы — балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі «Алтын адам» әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп қондырылған. Шілікті «Алтын адамы» Еске салайық, 26 қазанда Ақтөбеден 300 шақырым жерден сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі табылған. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлері Ақтөбе облысы, Темір ауданы Тасқопа ауылында қазба жұмыстарын жүргізген. Тамыздың басынан ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеген. Археологтар солардың бірінен 6 метр тереңдікте орналасқан жерден біздің заманымызға дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйегін тапқан. Зерттеушілердің сөзінше, жерленген адамның қоғамдағы беделі жоғары болған. Сондай-ақ қабірден қымбат металмен көмкерілген ат және тарту элементтері табылған. Экспедиция басшысы Арман Бисембаевтың сөзінше, ескерткіш Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» дәуірімен бір уақытта өмір сүрген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...
Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...
Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...
Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...
Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.