• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2020 жылдың 1 наурызына дейін аумақтық даму бағдарламалары әзірленуі тиіс

19.10.2019
0

Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Elbasy.kz

Кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары» бағдарламасы қаралды.

Отырыс барысында Премьер-министр А.Маминнің, Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің, Премьер-министрдің бірінші орынбасары және Қаржы министрі А.Смайыловтың, Премьер-министрдің орынбасарлары Б.Сапарбаевтың және Р.Склярдың баяндамалары тыңдалды.

Ұсынылған ақпаратты тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы  партияның айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

–  Бүгінгі таңда партиямыздың алдында қоғамды жұмылдыру, партия атынан сайланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Үкімет пен Фракция жүйелі жұмыс жүргізіп, ел-жүрттың нақты мәселелерін бірлесе шешуі керек, – деді партия төрағасы.

Елбасы сайлауалды бағдарламаның және Ұлт жоспарының орындалу нәтижелеріне тоқтала келе, партияның қалған міндеттемелерін орындауға қатысты ықтимал қатерлерді атап көрсетті.

– Біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Үш жарым жылдың ішінде 430 мыңнан астам жұмыс орны пайда болып, 2,7 мың шақырым жол салынды. Еуразия құрлықаралық дәлізі іске қосылды. Елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 28 пайызға жетті. Бір жыл ішінде біз «Doing Business» рейтингісінде 8 позицияға ілгерілеп, 28-ші орынға көтерілдік, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен партияның сайлауалды бағдарламасы Үкіметтің бес жылдық қызметінің негізін құрауы керек екенін атап өтті. Ал партияның Мәжілістегі фракциясының мүшелері ықтимал қатерлердің дер кезінде алдын алып, бағдарламаның орындалуын үнемі қадағалап отыруы қажет.

– Біздің міндетіміз – ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау. Мәжіліс сайлауына партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын дайындау жұмыстарын бүгіннен бастау керек. Стратегиялық бағытты негізге алып, әртүрлі әлеуметтік топтардың нақты мүдделерін көздеп, ел-жұрттың нақты сұраныстарын өтеген жөн», –  деді партия төрағасы.

Сонымен бірге, Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына тоқталды.

– Қазір бұл стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр. Олардың орындалуын қадағалап отырған тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған жұмыстарға үнемі түзетулер енгізіліп келеді. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі «Nur Оtаn» партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек. 2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

Елбасы сонымен бірге «Nur Оtаn» партиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардағы фракциясының жұмысына тоқталып, «Nur Оtаn» партиясының рейтингі барлық деңгейдегі депутаттардың жұмыстарының нәтижесінде қалыптасатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың өңірлерге жұмыс сапарларының форматын қайта қарауды және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бірінші басшылар мен азаматтардың кездесуін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Талдау нәтижесі біздің партияның депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті пайдаланбайтындығын көрсетті. Сонымен қатар, «Nur Оtаn» фракциясы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша бастама көтере бермейді. Соңғы бірнеше ай ішінде «Nur Оtаn» фракциясының мүшелері бірде-бір резонанстық іс бойынша өз ұстанымдарын білдірмеген, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы фракция жұмысында бюрократияны және үйлестірудің күрделі процедураларын жою қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев партия органдарының – Партиялық бақылау комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруды тапсырды.

– Осы органдарға кіретін депутаттар белсендірек әрекет етуі қажет. Сіздер тиісті мәселелерді сындарлы түрде көтеріп, жұртшылықтың қатысуымен нақты шешімдер ұсынғандарыңыз жөн, – деді партия төрағасы.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті өздеріне Конституция арқылы бекітілген заңнамалық бастаманы фракция депутаттарының іс жүзінде қолдана бермейтінін атап өтті.

–  Депутаттар – партияның діңгегі, белсенді электораттың негізі. Халық сіздерге партия арқылы тиісті өкілеттіктер берді. Сіздер азаматтарымыздың мәселелерін шешу жолында жұмыс істеулеріңіз керек, – деді Елбасы.

Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси көшбасшылығын сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті.

–  Біздің басты міндетіміз – тұрақтылық, Қазақстанның өсіп-өркендеуі және қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Сондықтан уәделерімізді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет, – деді Елбасы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.