• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Үкімет басшысы Елбасыға «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы баяндап берді

19.10.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және «Nur Otan» партиясының парламент фракциясының депутаттарына «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын және «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың аралық қорытындылары туралы баяндады.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың арқасында Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық көпірге айналды, көлік инфрақұрылымын жаппай жаңғырту жүргізіліп жатыр.

«Темір жолдардың оңтайлы желісі толық қалыптастырылды. Логистикалық инфрақұрылым құрылып жатыр. Келесі жылы негізгі транзиттік автомобиль дәліздері бойынша жол жүру қамтамасыз етілетін болады», — деді А. Мамин.

Қазіргі уақытта барлық отандық МӨЗ-дердің жаңғыртылуы толық аяқталды, қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіретін зауыт құрылысы басталды. Қуаттылығы 1 млн 250 мың тонна болатын полиэтилен өндіру жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 21,7%-ға артып, $15,7 млрд құрады. Ал көрсетілетін қызметтер экспорты 15,8%-ға $7,3 млрд-қа дейін артты. Жалпы, 2016 жылдан бері еліміздегі өнеркәсіп көлемі 15,7%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 16,3%-ға артты. Баламалы энергетика белсенді дамып жатыр, 2016 жылдан бері ЖЭК қуаттылығы 3,7 есеге артып, а.ж. соңына 87 нысанда 1041 МВт құрайтын болады, ал 2024 жылға қарай 3 мың МВт құрайды.

Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрғындарының саны 250-ден асатын 3324 ауылдық елді мекен (79%) қосылған. Қалған ауылдарға интернет 2020 жылдың ішінде жүргізілетін болады.

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы әзірленіп жатыр. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. 2016 жылдан қазірге дейін 390 орта білім беретін мектеп, 400-ден аса медициналық нысан салынды, инфаркт пен инсульт алғанда көмек көрсету орталықтары құрылды.

«Қазақстандықтарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 2016-2018 жылдары 34 млн ш.м. астам тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін 13 млн ш.м. пайдалануға беру көзделген. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр», — деді А. Мамин.

Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыруда, негізгі серіктестер — Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа Одағы, Орталық Азия және ТМД елдерімен стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтуда.

Премьер-Министр Үкімет пен «Nur Otan» фракциясының ішкі нарықты отандық өндірістегі азық-түлік өнімдерімен молықтыру жөніндегі күш-жігері туралы айтып берді — азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен орташа қамтамасыз етілу 80%-ға, кейбір позициялар бойынша – 100% жетті.

Экономика салаларын цифрландыру аясында отын-энергетика және тау-кен металлургиясы кешені кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2018 жылы инновациялық өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 1 трлн 179 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өсім қарқыны 4,3% құрады, жыл басында 2,9% болды. Үкімет негізгі капиталға салынатын инвестициялар көрсеткішін 2025 жылға қарай ЖІӨ 30% дейін жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда 2020-2024 жылдары 41 трлн тг инвестиция тартуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылған. Аталған міндетті шешу $34 млрд дейін тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді, бұл — 2024 жылға қарай ұлттық экономиканың 5% өсімін қамтамасыз етудің негізгі шарты.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Ұлт жоспарын тиімді әрі мақсатты іске асыру біздің еліміздің бүгін және болашақта қарқынды әрі сапалы дамуы үшін берік негіз қалайды. Әрбір іс-шара қазіргі Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды мәселелерді шешеді», — деді А. Мамин.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.