• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды

16.10.2019
0

15 қазанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қазақ әдебиеті жинағының орыс тіліне аудармасы мен басылымын көркем аударма саласындағы тәжірибелі ресейлік мамандардың қатысуымен Ресей жазушылар одағының Мәскеу қалалық бөлімшесі мен Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы орындады. Антологияларға алғысөзді Ресейдің академиялық қоғамдастығының көрнекті өкілдері жазды. Мысалы, проза антологиясына Мәскеу мемлекеттік университеті филология факультетінің президенті, филология ғылымдарының докторы Марина Ремнёва алғысөз арнаса, қазіргі қазақ поэзиясының жинағына алғысөз жазған – А.М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Вадим Полонский.

Мәскеу мемлекеттік университеті баспасынан жарық көрген қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтары орыс тілінде сөйлейтін 14 мемлекеттің 3,5 мыңнан аса кітапханасына, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі.

Таныстырылымға Ресей Федерациясы Президентінің аймақаралық және мәдени байланыстар басқармасының басшысы Владимир Чернов, Ресей жазушылар одағының басшылығы, сондай-ақ аудармашылар, әдеби редакторлар, сыншылар мен шолушылар қатысты. Қазақстан тарапынан шараға ҚР Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия хатшысы Аида Балаева, ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек қатысты.

Заманауи қазақ әдебиетінің үздік үлгілерінің БҰҰ 6 тіліне аудармасы «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асып отырғаны мәлім. Жоба, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты болып табылады. «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасының міндеті – қазіргі заманғы Қазақстанның әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, хореография, кино және театр салаларындағы мәдени қазыналарын әлем жұртшылығына таныстыру.

Таныстырылым салтанатында сөз сөйлеген Аида Балаева жобаның 2017 жылы сәуір айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқанын жеткізді.

«Оның өзегінде заманауи әлемде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның мәдени және интеллектуалдық потенциалымен өлшенеді деген ой жатыр. Бүгінгі тұсаукесер «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясындағы жұмыстың жемісі. Ол қазақстандық әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, театр және кино туындыларын әлемге таныстыруға бағытталған. Бүгінгі жобамыз жүйелі түрде жалғасын тауып, мәдениет аралық қарым қатынастардың ұлғаюына негіз болады деген сенімдемін. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 60 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары тұңғыш рет бірден әлемнің негізгі алты тіліне аударылып отыр. Жобаны жүзеге асыруға Ұлыбритания, Франция, Испания, Египет, Қытай және Ресейдің жетекші баспа ұйымдары атсалысты. Антологиялар әлемнің 90-нан аса еліне, бес құрлыққа тарайды. Яғни, бұрын-соңды дүниежүзі оқырмандарының қолына түспеген қазақ әдебиетінің үздік үлгілерімен 2,6 млрд адам танысуға мүмкіндік алады», – деді Аида Балаева.

Айта кетерлігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің екі антологиясы аударылып, жарық көрді. Олар – «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы». Әр антологияның көлемі – шамамен 500 беттей, әрқайсысына 30 қазақстандық автордың таңдамалы шығармасы енді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.