• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Нұрлан Ноғаев трансшекаралық өзендерді сақтап қалу жолдарын табуға шақырды

02.10.2019
0

Атырау облысы әкімдігінде мүдделі тараптардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Жайық –Каспий бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ғалымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшыларын трансшекаралық өзендерді сақтап қалу тетіктерін жасақтауға шақырды,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңір басшысы атап өткендей, 26 қыркүйекте Атырауда трансшекаралық су объектілерін бірлесе пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының кезекті отырысы өтті.
— Ауыз сумен, су шаруашылық субъектілерін сумен қамтамасыз ету – аса өзекті мәселе. Су ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігін барлығы да қолдайды. Су үнемдейтін, энергияны үнемдейтін технологияларды белсенді қолдану қажет. Бұл қымбатқа шығады, бірақ, біз осыны істеуіміз керек. Су ресурстары сарқылмайды деген — қате ұғым. Жер қойнауын, соның ішінде су ресурстарын пайдалану – маңызды мәселе. Біз бұны жіті назарымызда ұстауымыз қажет,-деді Нұрлан Ноғаев. ​
Облыс әкімінің пікірінше, мемлекетаралық комиссияның қызмет істеп жатқанына бірнеше жыл болғанымен, проблемалық мәселелер тиісті шешімін таппай тұр. Комиссияның мәртебесін көтеру қажет, мәселен, премьер-министрдің орынбасарының деңгейіне дейін. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
«Центр водных инициатив»қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам Арыстанов трансшекаралық өзендердің, соның ішінде, Жайықтың мәселесі Ресеймен бірлескен отырыстарда 1992 жылдан бері қаралып келе жатқанын еске салды. Соңғы онжылдықтарда Жайық-Каспий бассейнінде жыл сайынғы суды пайдалану бірнеше миллиард текше метрге азайған. Негізгі себептерінің бірі -​ трансшекаралық Жайық, Қиғаш, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, т.б. өзендердің ағысының азаюы.
— Жайық негізінен Сакмара өзенінің суымен қоректенеді. Ирикли су қоймасынан келетін су – небары 30%. Сондықтан, қазақстандық тарап қазір Сакмара бойынша ақпарат алуға мүдделі. Бұған дейін бұл жөнінде ақпарат болмады дерлік. Бірлескен комиссияның аясында осы өзендегі су шаруашылық қызметті анықтауды жоспарлап отырмыз. Башқұртстанда жалпы көлемі 1 млрд. текше метр 5 су қоймасын салу жоспары болған. Бұл да біздің өзендердің сумен қамтылуына қатысты жалпы ахуалға әсер етуі мүмкін. Қазіргі жағдай қандай, белгісіз,-деді М.Арыстанов.
Су шаруашылығының ардагері, мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығының қазақстандық филиалының директоры Нариман Қыпшақбаев жағдайды мүлдем ушықтырып алмай қимылдау қажет деп есептейді. Бірнеше жылдан кейін бұл мәселелерді шешу мүмкін болмай қалады. Қазір барланған жер асты су көздерін мейлінше пайдаланып, қараусыз қалған суару каналдарын іске қосу, ауыл шаруашылығында тамшылатып суару әдісін қолдану қажет. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Соңғы жылдары Жылыой ауданында Жем өзені суының азаюы өзекті проблемаға айналды. Аудан аумағында өзеннің су арнасы тартылып қалды деуге болады. Бұл мәселені аудан әкімі Азамат Бекет баяндады. Нақты ахуалмен анықтау үшін, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Жем өзенінің бастауына экспедиция ұйымдастырылды. Мамандардың пікірінше, Жемнің тайыздануының себебі – қыста қардың, көктемде жаңбырдың аз болуы. Жемді сақтап қалудың бір тәсілі ретінде өзен бойында су қоймасын салу жобасы ұсынылып отыр. ​
Отырыста жер асты су көздерін пайдалану сияқты маңызды мәселе де ​ қаралды. Қазіргі таңда Көкжиде су көзінің мол қорын пайдалануға нақты мүмкіндік бар. Жер асты су көздері Жылыой ауданының өзінде де орналасқан. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аталған проблемалардың маңыздылығын тағы да қадап айтты. Бұл мәселелерді ғалымдар мен мамандардың зерттеулеріне сүйене отырып, шапшаң шешу қажет.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

  Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.