• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясы өтті

27.09.2019
0

Қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер мен көкейкесті сауалдарды ортаға салу үшін қала әкімі, мәслихат депутаттары мен білім және денсаулық, бюджеттік мекемелер және бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Алдымен, тұрақты комиссия мен редакциялық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен отырыста мәселелер егжей-тегжей қаралды. Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Алдымен, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаеваның есебі тыңдалды. Айтылған бірқатар ұсыныстар депутаттар жағынан қолдау тауып, бекітілді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтабаевтың есебі талқыланды. Нәтижелі жұмыспен қамту қайта қаралып, халықтың әлеуетін көтеру мәселесі қозғалды. Бүгінгі сессияда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевке бірқатар сауалдар қойылып, өзектілері ортаға салынды. Қаланың шет- аймағында орналасқан шағын аудандардағы ауруханалардың жағдайы, мекемеге қарайтын тұрғындардың ем шараларын толық жүргізуге мүмкіндік болатындай жағдай жасау жайында ұсыныс айтылды.

Келесі мәселе — табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану болса, қаламыздағы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев бірқатар ойымен бөлісті. Баяндамашыға қаламыздың тұрғындар көп жиналатын саябақтың бірі — «Дендрологиялық саябақ» жайында сауалдар жолданды. Кіру ақысының нақтылануы жайындағы мәселеге Ахмет Өтегенұлы тұрақты бағасының — 25 теңге екенін, тұрғындарға тиімді болуы үшін нарықтағы бағасын 3 жыл бойы ұстап тұрғанын жеткізді.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Жаманкөздің есебіне кезек келді. Шағын, көзге көп түсе бермейтін көшелердегі тұрғын үйлерге жарық, ауыз судың жетпей жатқаны жауыр болған мәселе екенін халық қалаулылары айтты. Жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылып, бұл мәселенің де ортақ шешімі табылып мақұлданды. Дегенмен де, сессияға қатысушылар келешекте нәтиже көргісі келетінін жеткізді.

Сөз кезегі Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасына келді. Береке Дүйсебековке нарықтағы бағалардың тұрақсыздығы туралы уәж айтылды. Әрмен қарай, Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының есебі тыңдалды. Тұрақты комиссия мүшелері жастар арасында сайланған жастар мәслихат депутаттарының міндеттері мен атқаратын жұмыстары жөнінде жазбаша мағлұмат берілуін тапсырды.
Осылайша күн тәртібіндегі өзекті он алты проблема талқыға түсті. Фракцияның жеке талқылауынан соң, қала әкімі Ерлан Айтахановтың назарына күн тәртібіндегі он алты мәселенің шешім жобасы ұсынылды. Қарсы, қалыс қалмай , дауысқа салынды.
Кезекті сессия өзекті мәселелерді назарға алып, бөлім басшыларына бірқатар сын- ескертулермен аяқталды.

Айғақ-ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.