• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өңірлерде 10 мыңнан аса дербес қазандық жылыту маусымының басталуына дайын

23.09.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

«Жергілікті атқарушы органдар 10 623 дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8% дайындалды. Жөндеу жұмыстары Маңғыстау облысында – 94,2 %, Қызылорда облысында – 99,2 %, Шымкент қаласында — 99,3 % жалғасуда. Қалған өңірлерде дербес қазандықтардың толық дайындығы қамтамасыз етілген. Жылу желілерін дайындауға қатысты, жоспарланған 4 990 км жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 км жылу желілері немесе 99,1% жөнделді. Жылу желілерін жөндеу бойынша төменгі дайындық Нұр-Сұлтан қаласында – 73,6%, Маңғыстау облысында – 91,7%, Атырау облысында – 96,8%», — деді Бейбіт Атамқұлов.

Сумен жабдықтау желілерін дайындауға қатысты, 15 116 км сумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 14 917 км немесе 98,7% жөнделді. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша  Нұр-Сұлтан қаласында – 71,6 % , Ақтөбе облысында – 83,8 %, Түркістан облысында – 89,9 %, Шымкент қаласында – 90,5 % әзірлік төмен.

Білім беру нысандарын дайындау бойынша ағымдағы кезеңге 10 967 білім беру объектісі дайындалды немесе жоспардағыдан 99,6 % орындалды. Барлық білім беру объектілерін 1 қыркүйекке дейін дайындау жоспарланған болатын. Алайда, дайын емес объектілер үш өңірде қалды: Нұр-Сұлтан қаласында дайындық – 97,7 %, Батыс Қазақстан облысында – 99,5 %, Атырау облысында – 99,5 %.

Денсаулық сақтау объектілерін дайындауға қатысты, 5 936 объектіні дайындау жоспарланған, соның ішінде 5 921 объекті немесе 99,7 % дайындалды. Қалған өңірлерге қарағанда дайындығы төмен Атырау облысында – 95,2 %, Ақтөбе облысында – 98,9 %, Батыс Қазақстан облысында – 99 % байқалады. 46 809 тұрғын үй жөндеуге жоспарланған, іс жүзінде 45 908 тұрғын үй немесе 98,1 % дайындалды. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысында (84,5%), Түркістан облысында (94,9 %), Шымкент қаласында (90,7%) жұмыс қарқыны төмен.

2017 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көп пәтерлі тұрғын үйлерде, білім беру, әлеуметтік сала объектілерінде белгіленген құрылыс нормалары және ережелерін (ҚНжЕ) бұза отырып орналастырылған дербес қазандықтарды шығаруға мониторинг жүргізеді. Жалпы құрылыс нормалары және ережелері бұзушылықпен орнатылған 769 дербес қазандық анықталды, оның ішінде 39-ы — көппәтерлі тұрғын үйлерде, 730-ы — білім беру, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінде. Оларды шығару жергілікті бюджет немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 419 бірлік ДЖЖ немесе жоспардан 54,5%-ы шығарылды. Шығарудың төмен қарқыны Қостанай облысы – 13 %, Ақмола облысы – 36 % және Қарағанды облысында – 51%.

«Көмір өндіруші компаниялармен 75,1 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 %-ды құрайды. Еліміздің ішкі нарығына осы кезеңде 51,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,8 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға аз. Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 7,1 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ды құрайды. Көмір экспорты 19,8 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрайды», — деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында– 2,6 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 1,5 млрд теңге, Шымкент қаласында — 1,3 млрд теңге көлемінде сақталып отыр. Сондай-ақ 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында берешектің 533 млн теңгеге өсуі байқалады. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда қарыздардың төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге жетті.

Дебиторлық берешек бойынша ең төмен көрсеткіштер Алматы облысында  байқалады — 5 млн теңге.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.