• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

БҚО әкімі берілген жерді пайдаланбай отырған тұлғалардың аты-жөнін жариялауды тапсырды

21.09.2019
0

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен жиында пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайы талқыланды. Жиналысқа облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев, шаруа қожалықтары мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының жалпы аумағы 15 млн. 133 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі – 6 907,3 мың га. Жергілікті атқарушы құрылымдардың облыстық прокуратурамен бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде соңғы жылдары жалпы аумағы 1 млн. 532 мың га құрайтын қолданылмай жатқан 1805 жер телімі анықталды. Қазіргі таңда анықталған қолданыссыз жерлердің 1122 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, шамамен 400 мың га жерді иелері өздері игеретін болды.

«ҚР Президенті ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шаруашылық айналымға қосу қажеттілігіне басты назар аударды. Біз аграрлық облыс саналатындықтан, жер – бұл өңір үшін ең маңызды мәселенің бірі. Қолда бар мәліметтер бойынша иелері тиісті жұмысты жүргізбей отырған анықталмаған жер телімдері бізде жетерлік. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары бізде 1,5 млн. га астам егістік жер болса, қазір бұд көрсеткіш бар-жоғы 540 мың га құрайды. Аудандық жерлердегі шаруалар мемлекетті алдап, егістіктің шеткі бөліктеріне бірдеңе еккен кейіп танытып, өтірік есеп тапсыратындар да бар екендігін айтады. Өзінің беделін пайдаланып, біздің қызметкерлерге қысым көрсету арқылы өздеріне жерді кері қайтару бойынша заңды шаралар қолданбауды талап ететіндер де бар», – әкім Ғали Есқалиев.

Жиналыста Бәйтерек ауданы бойынша жерлердің жайы қарастырылды. «Насым», «Турсун и К» ЖШС-лары секілді жер иелері біраз уақыттан бері 18 мың га егістікті игермей келіпті.

«Мұндай жер иеленушідерді мен залал келтірушілер деп есептеймін. 18 мың гектарды мысалға ала отырып, залалды былайша көрсетуге болады. Егер бидай, күнбағыстың өнімділігін орташа есеппен 1 гектарға 10 центнерден деп алсақ, өңір жыл сайын шамамен 1,5 млрд. теңге  пайдадан айрылып отыр. Аталған аумақтарда 30-40 адам, ал шектес жұмыстарды есепке алғанда, 100 адамға дейін жұмыс жасай алар еді. Және, ең бастысы, бұл жер азып, құнсызданады және жұмысы жанданып тұрған көршілес алқаптарды бүлдіреді», — деді Ғали Есқалиев.

БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова өкілі жылдың соңына дейін жерсеріктік мониторинг арқылы жер телімдерінің нақты игерілуі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік  беретін геоақпараттық жүйе жұмыс жасай бастайтындығын мәлімдеді.

«Қолданыссыз жатқан жер иелеріне айтарым: келесі жылдан бастап біз жерсеріктік мониторинг арқылы жердің пайдаланылуы туралы жедел ақпарат алу мүмкіндігіне ие боламыз және жалған есеп тапсыру деген болмайды. Сол себепті аудан әкімдеріне қолданылмай жатқан жер телімдерінің иелерімен, жалға адушылармен тағы бір мәрте жүздесуді тапсырамын. Егер олардың жермен жұмыстануға мүмкіндіктері болмаса, өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарсын, не болмаса сот құрылымдарына тапсырыңыздар. Берілген жерде жұмыс жүргізгісі де, мемлекетке қайтарғысы да келмейтіндердің аты-жөнін БАҚ арқылы жариялайтын боламыз» — деп мәлімдеді өңір басшысы.

Сондай-ақ жиналыста геоақпараттық жүйеге әлеуетті инвесторлар үшін бос жатқан жер телімдеріне өткізілетін жоспарлы конкурстар туралы қолжетімді және түсінікті ақпаратты орналастыру қажеттілігі айтылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.