ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова көп балалы отбасыларға баспананың қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу» міндеті аясында сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй республикалық және жергілікті бюджеттерде сәйкес қаржы жылында көзделген қаражатқа сәйкес келесі адамдарға ұсынылады:
-
табысы аз көп балалы отбасыларға;
-
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;
-
жұмыс істейтін жастарға.