• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанда OPEN SPACE үлгісіндегі қоғамдық кеңсесі ашылды

20.09.2019
0

Түркістанда «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау кеңсесі OPEN SPACE форматына көшірілді, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Бұл Жоба Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасына сай іске асып отыр.

Арнайы іс-сапармен келген партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қасиетті қалаға келіп, облыс әкімі, филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен бірге аралап, танысты.

Бұл орын xалық нөпірі мол орталықтағы ыңғайлы ғимарат саналады. Енді облыс тұрғындары кеңсемізге тоқтап, электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Мұндай форматтағы қабылдау Алматыдан кейін Түркістанда ашылып отыр.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Аталған нысан осы бағытта тұрғындардың  шешімін таппаған мәселелерін шешуге атсалыспақ.

2019 жылдың 8 айында партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауына 5933 арыз-шағым түсті. Оның 45%-ы оңтайлы шешіліп, 3097 өтінішке заң аясында кеңес берілген, 74 өтініш қаралу үстінде.

Сондай-ақ, ашылу салтанатында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы: «Қазіргі таңда халық талапшыл, жаңашылдыққа құмар. Біз оларға көмек көрсету үшін өзіміз алдымен талапқа сай сауатты, сапалы қызмет көрсете алатын, заманауи болуымыз қажет. Партия әрдайым халықтың жағында болып, кез-келген мәселеде тиімді шешу жолымен, өзіндік орнымен, белсенділік танытып келеді. Бүгін де ашықтығы пен жақындығын көрсетіп, осы кеңсені ашып отырмыз. Осында көмек сұрап келген әрбір азаматтың мәселесін шешіп, қолдау тауып қайтатынына сенемін! Міндетті түрде өзім де, орынбасарларым мен басқарма басшылары да тұрақты қабылдау жүргізіп отырамыз», — деп филиал ұжымына сенім білдірді.

         Атап өтейік, партия филиалының Төрағасы, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен ашылған «Open space» форматындағы Қоғамдық қабылдау кеңсесі Түркістан облысында алғаш рет ашылып отыр. Күрделі жөндеуден өткен Қоғамдық қабылдау қазір тұрғындарды қабылдауға дайын.

Жаңа кеңсенің жұмыс барысымен таныстырған филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев алдағы уақытта барлық қоғамдық қабылдаулар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, «Азаматтарды қабылдау орталығының» да осы ашық алаңда жұмыс бастайтынын атап өтті.

Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары облыс әкімімен бірге «Түркістан стансасы» бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесті. Бұл ұйым 2012 жылы құрылып, құрамы қазір 635 мүшемен толыққан. Түркістан стансасы — Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде Түркістан вокзалында жедел штаб құрып, жолаушылар жүрген азаматтарды күтіп алып, шығарып салу жұмыстарын ұйымдастырған бастауыш партия ұйымы. Сондай-ақ партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары мен «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына белсене қатысып жүрген ұйымның бірі. Келелі кеңесте жиналғандар партияның «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты жаңа бағытын талқылап, жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жалпы партияның Түркістан облыстық филиалында 88 048 мүше тіркелген. Бастауыш партия ұйымы 255 болса, аймақтық партия филиалдарының саны – 16.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.