• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«Қайта оралған жәдігер»

18.09.2019
0

Тайқазанның құйылғанына 620 жыл, тарихи орнына оралғанына 30 жыл толуына орай «Қайта оралған жәдігер» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен  қасиетті Тайқазанның құйылғанына 620 жыл, тарихи орнына оралғанына 30 жыл толуына орай  «Қайта оралған жәдігер» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Айтулы шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы ашып беріп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тарихи жәдігерлердің бірегейі қасиетті Тайқазан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы  «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бағыттарының мәнін ашатынын және құнды мұраның жасалу тарихынан бастап, әрбір элементтерінің мән-мағынасын кеңінен насихаттау бүгінгі басты мақсат екендігін жеткізді.

Көрменің ашылу салтанатына филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, тарих ғылымдарының кандидаты, Тайқазан тарихын зерттеуші Ділдәш Мұстапаева сынды тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, қаланың Құрметті азаматтары, Ардагерлер кеңесі мен қоғамдық ұйым мүшелері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары, қала тұрғындары және музейге келуші қонақтар қатысты.

«Қайта оралған жәдігер» көрмесінің экспозициясына 50-ге жуық жәдігер қойылды. Олардың қатарында орыс саяхатшысы А.Кунның альбомындағы 1864 жылғы фотосуреттер, 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургке  алып бара жатқандағы мұрағаттық суреті, Эрмитаж музейінің экспозициясына қойылған бірегей фотосы және 1989 жылы Эрмитаж музейінен Тайқазанды шығарып жатқан сәтінің мұрағаттық суреті, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келген тұлғалардың фотосуреттері және қорық-музейдің мұрындық болуымен  2009-2014 жылдар аралығында өткен жастар арасындағы  қазақ күресінен республикалық «Тайқазан» турнирінің фотосуреттері, медалдары мен мұрағаттық құжаттар бар.

Көрменің мақсаты —  ортағасырлық құнды мұраларды дәріптеу арқылы жас жеткіншектерге тарихымызды таныту, олардың пайым — парасатын арттыру, елдік санаға баулу, өткен тарихымызға деген қызығушылығын ояту.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған ортағасырлық Тайқазан 620 жыл бұрын, яғни 1399 жылы Түркістаннан 25 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекеніндегі Тұранның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен Әбділ Әзиз Шарафуддин Тебризи шебердің ұстаханасында құйылған. Тайқазан алтын, күміс, мыс, қола, қорғасын, мырыш, қалайы сынды жеті түрлі металдардың  қосындысынан жасалған.

Тайқазан 1935 жылы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласында өтетін Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына үш айға жіберілгенімен 54 жылдан кейін, яғни 1989 жылдың 18 қыркүйегі күні тарихи отанына қайта оралған.  Тайқазанның тарихи мекеніне оралуына мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің қосқан үлесі зор. Жиынға қатысушылар Тайқазан тарихы мен жәдігердің маңыздылығы жөнінде келелі пікірлерін білдірді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішіне орналастырылған көрме бір бойы келушілердің назарына ұсынылады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.