• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өмірзақ Шөкеев Арыстағы құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды

09.09.2019
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласында қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша аппараттық жиын өтті. Басқосуға еліміздің барлық облыстарынан келген Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты өкілдері, Түркістан облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты. Жиында Арыс қаласындағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмектің жай-күйі талқыланды. Облыс басшысы барлық құрылыс нысандарының дер кезінде аяқталуын тапсырып, құрылыс сапасына баса назар аудару керектігін қадап айтты. Басқосуда сөз алған құрылысшылар жұмысқа кедергі келтіріп жатқан бірқатар мәселелерді сөз етті. Олардың айтуларынша, Арыстағы бірнеше үй иелері сараптау қорытындысымен келіспей отыр. Тұрғындар үйлерін күрделі жөндеудің орнына түгел сүріп тастауды талап етуде. Мұндай азаматтарға алдын ала ескертулер жасалған. Сондай- ақ, құжаттарды заңдастыруға қатысты кей қиыншылықтар да белгілеген мерзімнен кешігуге сеп болуда деді сектор жауаптылары.
Мәселеге қаныққан Өмірзақ Естайұлы барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін белгіленген кестеден кешіктірмеуді және орын алған кемшіліктерді жеке — жеке қарап, тұрғын үй иелерінің өтініштерін ескере отырып шешуді тапсырды. Жиында Түркістан облысы Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жайында баяндама жасады.
» Жалпы Арыс қаласында 8637 тұрғын үй нысаны орналасқан. Оның ішінде: Жеке тұрғын үй — 8534; Көп қабатты тұрғын үйлер — 103. Жөндеуді қажет ететіні – 7 164 нысан. Қалпына келтіруге жатпайтын — 470 нысанды құрайды. Ағымдағы жылдың 6 қыркүйектегі жағдайға 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталыып, оның ішінде 189 құрылыстары ішкі әрлеусіз аяқталған. Ал, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Қалпына келтіру жұмыстарына: 144 – құрылыс компаниялары, 4 248 – жұмысшылар, 215 – арнайы техникалар тартылды», — деді ол. Арыс қаласы бойынша автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу 13 аймақ жоспарланған. Бүгінде жалпы 62 көшенің 37 көшесі аяқталды. Қалған 25 көшесінде жұмыстар жүргізілуде. 16 көшесінде аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал 6 көшесінде жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Жоғарыда аталған көшелер қыркүйек айында толық аяқталатын болады. Жалпы бүгінгі күнге Арыс қаласында 543 коммерциялық нысан бар. Оның ішінде 509 нысанға залал келтірілген, ал 12 нысан толығымен жойылған. Арыс қаласында жалпы 68 әлеуметтік нысан жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде 4 жана құрылыс, 64 қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Білім беру нысандары – 53, денсаулық сақтау – 8, спорт нысандары – 4, қоғамдық орындар – 3, Ағымдағы жылдың 6 қыркүйектегі жағдайға 62 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған 6 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жиыннан соң Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Айғақ медиа
06.07.2026
0

Керім Тіленшин көшесіндегі көпір құрылысының негізгі бөлшектері аяқталуға жақын. Соның ішінде төрт тірек қабырғаның соңғысы құйылуда. Келер аптада теміржолдың екі...

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

Айғақ медиа
06.07.2026
0

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шеру өтті. Соның аясында теміржол...

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Айғақ медиа
04.07.2026
0

Әскердегі тәртіп пен жауынгерлік даярлықтың берік болуы сарбаздың психологиялық жай-күйімен де тығыз байланысты. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
03.07.2026
0

Президент атынан Шымкенттік жас ғалым Дина Тәжібай ерекше марапатқа ие болды. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның...

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

Айғақ медиа
02.07.2026
0

Жаңа Ата заңда адам капиталына қатаң түрде басымдық берілді. Конституцияның 22-бабында көрсетілгендей, әр адам өзінің қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны...

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

Айғақ медиа
02.07.2026
0

Қала тұрғындары «Халық заңгері» көшпелі акциясы аясында тегін құқықтық кеңес алды. Іс-шара барысында жер дауы, мұрагерлік, нотариаттық рәсімдер, қарыз міндеттемелері...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.