Министрлік жол қауіпсіздігінің сақталуын бақылау көбіне автоматты тіркеу жүйелерінің көмегімен атқарылатынын еске салды.
«Бүгінгі күні автожолдардағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылғанын атап өту қажет. Яғни көлік құралдарын тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғылар пайдалана отырып, алатаяқ қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылатын болады. Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді. Алатаяқтарды қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Өйткені бұрынғы алатаяқтар сақталған», — деді ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтару бастамасын көтерген болатын. Бұл ретте, оның тек жол қозғалысын реттеу үшін қолданылатыны айтылды.