Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Отырар аудандық мәслихатының келісімі бойынша Түркістан облысы әкімінің өкімімен Отырар ауданының әкімі болып Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісов тағайындалды.
Әбдіғали Айтжанұлы еңбек жолын 1976 жылы Қызылқұм ауданы Тұтынушылар одағы құрылыс бригадасының сыршы-сылақшысы болып бастаған. Мамандығы — орман және парк шаруашылығы, орман шаруашылығы инженері, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын механикаландыру, инженер-механик.
2005 жылдан бері мемлекеттік қызметтің сан саласында қызмет атқарып жатқан ол 2014 жылдың қарашасынан бері Отырар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасап келеді.
«Айғақ-Ақпарат»