• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мемлекет басшысы «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумының жұмысына қатысты

24.08.2019
0

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні мен киелілігін, сондай-ақ, бұл қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және экологиялық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

– Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық туристер үшін Қазақстанда тартымды жерлерді қалыптастыру, сондай-ақ этнотуризмді дамыту жөнінде өзінің пікірімен бөлісті.

– Көптеген шетелдік туристерді бес жұлдызды қонақүйлер, курорттар сияқты әмбебап дүниелер жалықтырды. Оларды әртүрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеу, барған елдің тарихымен танысу қызықтырады. Сондықтан, әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге баруға, тарихи фестивальдарға және көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысуға деген сұраныс артып отыр. Біз осындай үрдістерді пайдалануымыз қажет. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуеті мен оны дамытудың міндеттері туралы айта келіп, кәсіби кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

– Туризм – өте күрделі сала. Тиісті мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан Туризм университетін ашу жөнінде шешім қабылдадық. Дәл осы салада жұмыс істей алатын білікті кадрларды дайындауымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент туризмді дамыту аясында өңірде көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және Қазақстанның барлық рекреациялық аймағында қонақүйлердің, тамақтанатын және демалатын орындардың құрылысына кәсіпкерлерді тарту қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы креативті және инновациялық шешімдердің көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

– Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туристерді Қазақстан туралы, ең алдымен, Ұлытау және оның басқа да тарихи орындары жөнінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграцияланған қолданбалы бағдарлама немесе платформа әзірлеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлытаудың киелі нысандары отандық және шетелдік туристерді тартатын орындарға айналатынына сенім білдірді.

Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдық рухты дамытуға пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.

Форум соңында Қазақстан Президенті «Jezkiik» халықаралық музыкалық фестивальдің концерттік бағдарламасын көрді, сондай-ақ, қалпына келтірілген ұлттық киімдер топтамасы қойылған және атты-шабандоздардың шоуы көрсетіліп жатқан этноауылға барды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.