• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Нұрлан Нығматулин: Nur Otan фракциясы жаңа форматта жұмыс істейді

22.08.2019
0

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

«Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткіздім. Әріптестермен Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырмаларын орындау жоспарын белгіледік. Басты мақсат – жұмыста жаңа тәсіл енгізу, халық мәселелерін шешу, сайлауалды бағдарламаны орындау, соның ішінде заңдық қамтамасыз ету» — деп жазды Мәжіліс спикері Twitter-де.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістегі  фракцияның лауазымына палата спикері Нұрлан Нығматулинді ұсынған болатын. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өзіне зор сенім артқаны үшін алғыс білдірген Нұрлан Нығматулин фракциядағы барлық әріптестеріне қолдап дауыс бергені үшін рахметін айтып, бұл үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

Нұрлан Нығматулин нұротандық депутаттардың алдағы уақыттағы жұмысы туралы айта келе, фракция өзінің күш-жігерін, ең алдымен, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын, «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауға жұмылдыратынын атап өтті.

«Баршаңыз жақсы білесіздер, еліміз даму жолында әрбір кезеңде, әрбір уақытта – «Nur Otan» партиясына зор жауапкершілік жүктеліп  келеді. Кеше ғана Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында дамыған 30 елдің қатарына ену туралы тағы атап өтті. Осы  жолда партиямыздың алдында  тұрған үлкен  міндеттерге назар  аударды. Сонымен бірге, партиямыздың Мәжілістегі фракциясы жұмысын күшейтуге ерекше көңіл  бөлді», — деді Н. Нығматулин.

Алдағы уақытта фракция депутаттары Үкіметпен бірге партия тұғырнамасының әрбір тармағы қалай жүзеге асырылып жатқанын жете талдап, фракцияның қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың нақты мәселелерін шешуге назар аударатын болады. Фракция отырысында Н.Нығматулин әріптестерін заң шығару бастамасын белсенді пайдалануға шақырды. Депутаттық заң жобаларды әзірлеу барысында партия жанындағы Қоғамдық саясат институты өз үлесін қосады.

Сондай-ақ, депутаттық сауалдарды дайындау барысында алдымен сайлаушыларды толғандырған мәселелер, сонымен бірге партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға жете көңіл бөлінеді. Тағы бір негізгі бағыт — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Осы бағытта озық тәжірибелерді ескере отырып, жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Елбасының экономикалық өсуді қамтамасыз етуге қатысты қойған  міндеттерін табысты орындау үшін Мәжіліс төрағасыэкономика, әлеумет, бюджет, жастар саясаты, инновация және т.б. бағыттар бойынша Үкіметпен бірге жұмыс істейтін нақты депутаттарды бекітуді ұсынды. Сондай-ақ Үкіметпен өзара іс-қимыл туралы айта келе, жұмыстың форматы мен тәсілдері өзгеретінін атап өтті. Мысалы, жаңа тәсіл бойынша Үкімет сағаттарында министрлердің салаға қатысты жалпы жұмыс жағдайы емес, нақты бір мемлекеттік бағдарламаның орындалуы баяндалып, атқарылған жұмыстар талқыланатын болады. Нәтижесінде бағдарламаны іске асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі де қаралатыны айтылды.

«Министрлердің барлығы біздің партиямыздың мүшелері «Үкімет сағаты» аясында ғана емес, «Nur Otan» партиясы фракциясының отырыстарында да есеп беруі керек», — деді Н. Нығматулин.

Палата спикері депутаттарға әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, сайлаушылармен тығыз байланыста болуға, заң шығарушылық жұмыстағы жаңалықтар туралы айтып, халықтың пікірлерін білуге және оны күнделікті жұмыста пайдалануға шақырды. Бұдан былай фракция мүшелері де депутаттық төсбелгімен бірге партиялық төсбелгіні тағып жүретін болады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

19 КӘСІПОРЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА БАСПАНА

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте  тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

АҒАЙЫНДЫ ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте 105 жас кадет әскери өмірге алғашқы маңызды сертін берді. Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 1-оқу ротасы салтанатты түрде Әскери...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.