«Жолаушылар тасымалы» компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады.
«Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.