Фронт офис инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай ақ, экспортты дамыту жұмыстарын атқаруда.
«Қазіргі уақыт инвесторлар және экспорттаушылармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін талап етеді. Инвестиция және экспорт параллельді түрде дамуы тиіс бағыттар, себебі шетелдік инвесторларды тарта отырып, экспорттаушылар үшін әлемдік нарыққа жаға жол ашылады. Осылайша, еліміздің экспорт географиясын айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі пайда болмақ. Осының негізінде өңірде аймақтық экономиканы дамыту саясатын әзірлейтін Инвестициялар және экспорт басқармасы құрылды. Сондай-ақ осы екі бағытты «бір терезе» режимінде жұмыс істейтін фронт-офиске біріктіру тиімді», – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.