Арыс қаласында құрылыс жұмыстары бойынша 175 шағым түскен. Соның 126-сы оң шешімін тауып отыр. Осы орайда, 49 мәселенің шешімін табу мақсатында Нұр Отан партиясының басшылары, құрылысқа жауапты басшылар қала тұрғындарымен бас қосты.
Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7 пайызға жеткен. Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған.
Дереккөз: «Айғақ-Ақпарат»