ҚР Экология, геология және табиғи реурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр»,-деп жазды министр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын.
«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.