Бұл жолы көмек қолын созушы — республикалық «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Акция аясында Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 120 балаға мектепке қажетті заттар табысталды. Оның ішінде: ұл балаға және қыз балаға арналған жеке-жеке сөмке, арнайы форма, дәптер, қаламсап секілді қажетті заттардың барлығы бар.