Ерлан Айтаханов инвестициялық құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесіп, құрылысқа қатысты жоспарларымен бөлісіп, туындаған кейбір мәселелерін ашып айтты, деп мәлімдейді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, оңтүстіккореялық компания басшылары Қазақстандағы үшінші мегаполиске озық тәжірибе енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарайтындарын жеткізді.
Ерлан Айтаханов шетелдік инвесторлардың тұрғын үй құрылысын жүргізуде ешқандай кедергінің болмайтынын айтып, Highvill компаниясының бастамаларына оң бағасын берді. Сонымен қатар әкім тұрғын үйдің сапасынан бөлек, оның сейсмикалық жағдайға да төзімді болуын ескеру қажет екенін атап өтті.