• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешеді?

13.08.2019
0

   Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесін біз Үкіметтің отырысында көтердік. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет бүгінгі таңда бұл мәселеге ерекше назар аударып, қыруар қаражат бөліп жатыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 200-ге тарта жаңа мектеп салынуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында туу мен көшіп келу көрсеткішінің саны артқаннан соң бала саны бір жылда 20 мыңға өседі. Сол секілді Алматы облысында бір жылдың ішінде үш ауысымды мектептердің саны 30-дан 53-ке көбейіп жатыр. Бұл тек туу көрсектішіне қатысты емес, көші-қонға байланысты мәселе. Сондықтан, бұл тарапта қазір министрлік жаңа мектептерді салу әдістемесін жасап жатыр», — деді Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуына қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын балабақша санының жетіспеушілігі өте өзекті мәселе болып тұрған.

«Балабақшалар бойынша жан басына қаржыландыру жүйесін енгізгеннен кейін қазіргі таңда балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші жағынан 95,2 пайызға жеттік. Сондықтан, мектеп мәселесі бойынша жекеменшік мектептердің үлесін өсіруге үлкен назар аударудамыз. Қазіргі уақытта жан басына қаржыландыру механизмі дайын. Үкімет отырысында көрсеткендей, қысқа мерзімнің ішінде ғана 25 жаңа мектеп ашылып жатыр. Жыл соңына дейін біраз мектептер ашылады. Бірақ, ол да жетпейді. Сондықтан, қайта құру механизмін енгіздік», — деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, мектеп құрылысы мәселесіне келгенде мәселен Нұр-Сұлтан қаласында жер тапшылығы проблемасы бар.

«Бірақ, дайын тұрған ғимараттар баршылық. Сол ғимараттар арқылы мектепке жағдай жасайтын болсақ, ғимараттарды да мектеп ретінде ашуға болады. Сол себепті, бұл өте кешенді мәселе. Министрлік тиісті шешім қабылдайды», — деді Білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп бойынша қалада 17 мың орынның жетіспейтінін хабарлаған болатын.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» . Дәл осы тақырыпта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен қала прокуратурасы ұйымдастырған...

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қаламызда «NURAY ART FEST» өнер байқауының 10 айлық қорытындысы өтті. Бас жүлде иегері 10 миллион теңгеге жуық тұратын темір тұлпарды...

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
02.07.2025
0

 Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша елімізде алғашқы үштікте. 2024 жылы қалада 25 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Осы өзекті мәселемен...

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ КІЛТІ

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ КІЛТІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Медиация апталығы өтті. Жобаның мақсаты — қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту, туындаған дау-дамайларды сотқа жеткізбей, ортақ...

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қайнарбұлақта “Amanat” партиясының қоғамдық қабылдауы өтті. Құқықтық көмек жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде тұрғындар көкейде жүрген бірқатар өзекті мәселелерін көтерді. Атап...

БОЛАШАҚ ӘСКЕРИЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

БОЛАШАҚ ӘСКЕРИЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

«Ардагер өсиеті» атты республикалық жастар марафоны — ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, тарихи жадымызды жаңғыртуды көздеген маңызды жоба. Кең ауқымды бұл бастама...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.