Бүгін, 13 тамыз күні журналист Бақтияр Тайжан Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» , «Панорама Шымкента» газеттерінің директор — Бас редакторы болып тағайындалды.
Қызылордалық Бақтияр Тайжан 2000 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етті. Арасында бірер жыл облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетін басқарғаны болмаса, негізінен табан аудармай, ұзақ жылдардан бері бас басылымның Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып келді. Ол 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарынан бастап, басылым атынан Лондон, Бейжің Олимпиадаларына барып қайтты.
Сондай-ақ, бүгін белгілі журналист туған күнін тойлауда. «Айғақ» ұжымы Бақтияр Тайжанды қос қуанышымен құттықтайды.