• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Магистратура: Оңтүстікте жаңа форматтағы сынақ қалай өтіп жатыр?

12.08.2019
0

   Білім және ғылым министрлігі биыл магистратураға түсу талаптарының өзгеретінін хабарлаған болатын. Халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа талаптағы емтихан Түркістан облысында қалай өткізілуде? Оған деген оңтүстік тұрғындарының көзқарасы қандай?

Жаңа форматтағы кешенді тестілеу аймақтағы көшбасшы жоғары оқу орны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізілуде. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеше Әуезов университетінде магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеу басталды. GMAT форматы бойынша бірыңғай емтиханды өткізу адалдық мен ашықтықты, әділдік пен жариялылықты қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосады. Ол үшін сынаққа өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Шымкент — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі мен аймақтағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және Шымкент қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары бақылаушы ретінде тартылды», — дейді М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы тестілеудің нәтижесі бойынша білім беру бағдарламалары тұрғысында қорытындысы сараланып, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ерікті түрде өзі жоғары оқу орнын таңдайтын болады деп жазған болатын. Бұл бастама өз кезегінде «грант магистранттың соңынан ереді» деген қағиданың жүзеге асуына және білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарының қалыптасуына негіз болады. ОҚМУ ректорының пікірі де осыған саяды.

«Қазақстанның жас азаматтары білікті, жоғары моральді және кәсіби қасиеттерді иеленген тұлға болуы тиіс. Бұл үшін не істемек керек? Ол үшін білімді, білікті болуы керек, олардың. Көзі ашық, саналы азаматтар олқылықты істерге жол бермейді. Осы орайда айтқан ләзім, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен енгізілген магистратураға түсудің жаңа талабы Әуезов университетінің профессор-оқытушыларымен қатар, оңтүстік өңірдің тұрғындары арасында да қолдауға ие болып отыр. Себебі, жаңа талапта әділдік бар. Әділдік бар жерде қоғам өзгереді. Бір бұл ғана емес. Жаңашылдық жоғары білім сапасы мен университеттердегі бәсекелестікті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және мемлекеттік білім гранттарының ашық та әділ бөлінуіне ықпал етеді», — дейді қоғамдық ұйым өкілдері.

Айта кетейік, сынақтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ОҚМУ-дың ресми интернет-ресурсында тестілеу барысын онлайн режимде көрсету ұйымдастырылған. Аталған университетте емтихан тапсыру қарсаңында құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол бермеуге ерекше назар аударылып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.