Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
12 тамызда күннің екінші жартысында, 13 тамызда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 м/с болады. Шымкент қаласында 12 тамызда түстен кейін, 13 тамызда тәулік бойы кей уақытта шаңды дауыл соғып, солтүстік батыстан соққан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында бүгін түстен кейін, 13 тамызда тәулік бойы кей уақытта шаңды дауыл тұрады, солтүстік батыстан 15-20 м/с күшті жел соғады.