Кейбір интернет-баспаларда жуырда Шымкент қаласында кафелердің бірінде келушілері мен күзетшісі арасында туындаған қақтығыс туралы ақпарат тараған болатын. Тексеру барысында анықталғаны, 2016 жылдың шілде айының 2-нен 3-не қараған түні Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ «102» кезекші бөліміне 1988, 1990 ж.т. Шымкент қаласының екі тұрғыны Момышұлы көшесінде орналасқан кафенің келушілері көмекке жүгінген.
Оқиға орнына жеткен полицейлер анықтағандай, жәбірленушілердің сөзінше аталған кафенің күзетшілері өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланып олардан есепті төлеуді талап еткен. Нәтижесінде жастар арасында қақтығыс туындаған.Жағдайдың орын алу барысын толық анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жәбірленуші мен кафенің күзетшісін: 1995 ж.т. қыз бен 1990 ж.т. ер азаматты Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жеткізді. Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ СДТТБ тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 252-бабымен «Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі