Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы тас жолдарда тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.
Іс-шара барысында 1157 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды, нәтижесінде 24 миллион 891 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген.
Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б.) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалымен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүруде. Сондай-ақ, жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі












