Бүгінгі таңда жас-жұбайларға ХҚКО-на келмей-ақ некені тіркеу қолжетімді болып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның» Түркістан облысы филиал қызметкерлері Некені онлайн тіркеу туралы ақпаратпен бөлісті.
? Алдымен egov.kz порталына кіріп, «отбасы» деген бөлімнің «некені тіркеуге электрондық өтініш беру» бөлімшесіне кіру қажет.
✅ «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз және өтінімді толтырыңыз.
✅ Өтінімде жұбайының/зайыбының ЖСН-ін көрсету және неке тіркелген ЖАО-ның тіркеу бөлімін таңдайсыз.
✅ «Төлеу» батырмасына өтіп немесе болашақ жұбайына бұл қанат белгісін белгілеп сілтеме жасау арқылы (1 АЕК — 2525тг.) төлем жасайсыз.
✅ Өтінімге ЭЦҚ немесе смс-парольдің көмегімен қол қоясыз (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек).
✅ Содан кейін сіздің болашақ жұбайыңыз немесе зайыбыңыз порталда «қызметтерді алу тарихы» бөліміне кіріп, қол қоюды күтетін сұранысты таңдайды.
✅ Өтінімді толтырады және оған қол қояды.
Ескеру керек, электрондық өтініш беру үшін екі өтініш берушінің де некеге бірінші рет отыруы және балалары болмауы қажет. Портал арқылы екінші және одан да көп некені тіркеуге өтініш беру мүмкін емес.
Некені тіркеуді тіркеуші орган некеге тұру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін жүргізеді.
Өтініштің мәртебесі некені тіркеу күні мен орны туралы хабарлама не «тіркеуден бас тартылды» мәртебесі 1 жұмыс күні ішінде анықталады. Әрқашан #Vteme болыңыз және уақытыңызды бағалаңыз!
«Айғақ-Ақпарат»